Жатақханаға орналасу тәртібі

Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! "Астана Профи" қалалық шаруашылық колледжінің студенттік жатақханасына орналасу үшін өтініштер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сағат 14.00-де Есенберлин 21/1 мекен-жайы бойынша қаралады. ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ: Жатақханаға орналасу кезінде бірінші кезекте білім алушылардың келесі санаттары орналасады: 1. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған; 2. мүгедектігі барлар; 3. мемлекеттік білім гранттарының иегерлері; 4. көп балалы отбасылардан (егер 18 жасқа толмаған 3 және одан да көп бала болса) және аз қамтылған отбасылардан. ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: 1. Колледж директоры С. Н. Нұрғалимовтың атына өтініш (үлгі бойынша) 2. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. Білім алушылардың әлеуметтік жағдайын куәландыратын анықтамалар; ЕСКЕРТПЕ: РАСТАЙТЫН АНЫҚТАМАЛАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, ӨТІНІШТІ КОМИССИЯ ҚАРАМАЙДЫ. КОМИССИЯНЫҢ ОҢ ШЕШІМІНЕН КЕЙІН:

* Жатақханада тұру төлемі туралы түбіртек ұсынылады (1 айға 5000 теңге). Студент 2 ай тұру үшін ақы төлеуі керек (10000 теңге)