«Qamqor-Astana» ҚҚ-ның ақпараттық-түсіндіру тобының дінтанушы-лекторы - Қуатов Арулан Астана-Профи колледжінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізіп, «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбында мазмұнды және танымдық лекция оқыды.
Кездесу барысында «Зайырлы мемлекет» ұғымының мәні мен маңызы жан-жақты ашылып, деструктивті діни ағымдардың зияны туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, аталмыш теріс ағымдардан сақтанудың тиімді жолдары мен оларды анықтау әдістері түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
