Астана Профи қалалық шаруашылық колледжінің студенттері Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде болды.

Жаналықтар

Астана Профи қалалық шаруашылық колледжінің студенттері Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде болды. Бұл сапардың мақсаты – жастар арасында азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосу және «Адал Азамат» қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Студенттер құтқарушылардың қызметімен танысып, өрт қауіпсіздігі бойынша маңызды ақпарат алды, және нағыз батылдықтың, тәртіп пен жауапкершіліктің қандай болатынын көзбен көрді.

Ел қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілерге алғыс айтамыз!

Жастарға – үйренуге деген талпынысы үшін ризамыз!