22 қазан 2025 жылы колледжде «25 игі іс» флеш-бастамасы аясында «Кітап жинау» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Ізгі ниет пен мейірімге толы бұл шарада студенттер өздеріндегі сүйікті кітаптарын тарту етіп, өзгелермен білім мен руханияттың нұрын бөлісті. Әрбір табысталған кітаптың ішіне студенттер жүрекжарды тілектерін, ізгі ниеттері мен шабыт сыйлаған жолдарын жазып қалдырды. Бұл жәрмеңке кітап сыйлаудың ғана емес, рухани байланыстың, адамгершілік пен мейірімнің көрінісіне айналды.