1-курс студенттері Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әлеуметтік серіктес – «Астана Лифт» ЖШС-не барды

Жаналықтар

2025 жылғы 17 қыркүйекте «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінің «Лифтілік шаруашылық және эскалаторлар» мамандығы бойынша 1-курс студенттері Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әлеуметтік серіктес – «Астана Лифт» ЖШС-не барды.

Іс-шара барысында студенттерге экскурсия және «Электромеханик мамандығы: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында практикалық сессия ұйымдастырылды. Студенттер заманауи жабдықтармен, лифт жүйелерінің жұмыс принциптерімен танысып, кәсіпорын мамандарының жетекшілігімен тәжірибелік дағдыларға ие болды.

Бұл шара студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, болашақ мамандықтың еңбек нарығындағы маңызы мен даму болашағын түсінуге мүмкіндік берді.