👨🏻🚒Өрт сөндіру мамандығының 1-курс студенттері кәсіби даярлықтың алғашқы кезеңінде факультативті сабақ “Мамандыққа кіріспе” негізінде Орталық аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасағына экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында студенттер құтқарушылардың күнделікті қызметімен, заманауи арнайы техникасымен және өрт сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарымен танысты. Жас мамандарға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттердің нақты мысалдары көрсетіліп, құтқарушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.