«Жас маман- сенімді серіктес» колледж түлектерімен кездесу

Жаналықтар

   2025 жылдың 19 маусымында Астана Профи Қалалық шаруашылық колледжінде «Жас маман — сенімді серіктес» атты колледж түлектерімен кездесу шарасы өтеді.

     Іс-шараның мақсаты — түлектердің кәсіби жетістіктерін таныстыру, оларды қолдау, еңбек нарығына бейімдеу, сондай-ақ жастар мен әлеуметтік серіктестер арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату. Бұл кездесудің тағы бір маңызды мақсаты – колледж түлектерінің еңбек нарығындағы рөлін арттыру және жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату арқылы кәсіби дамуына жол ашу.

       Кездесу барысында қаралатын негізгі тақырыптар:

Жас маманның еңбек нарығындағы рөлі мен мүмкіндіктері

Түлектер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастық

Кәсіби бағыт-бағдар және мансаптық даму жолдары

        Кездесуге келесі колледж түлектері қатысады:

Жандилдаев Бақдаулет — Қазақстан жастары Конгресінің атқарушы директоры;

Күшібай Елмурат Темурұлы— ЖШС ELSAN PROF, Инжинер сантехник;

Алтынбек Нұрдаулет Ержанұлы — колледждің арнайы пәндер оқытушысы;

Қабдолла Арна Қамзеқызы — өндірістік оқыту шебері.

    Шара барысында колледждің 15–20 жас түлегі өз жетістіктерімен бөлісіп, еңбек нарығындағы алғашқы қадамдары туралы ойларын ортаға салды.