Жұмыс беруші күні

Жаналықтар

2022 жылғы 15 қарашада Жұмыс беруші күніне арналған колледждің әлеуметтік серіктестері және колледж түлектерімен кездесу өткізілді.

Іс-шараға «Астана Лифт» ЖШС бас  инженері,   «ҚР Лифттік компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы Нурлан Сарсенбайұлы Құттыбаев, «Компания ТехноСтрой KZ» ЖШС директоры Нурлыбай Утегенұлы Нургалиев, «Лифт құрастыру зауыты KLZ» ЖШС директоры Сакен Талғатұлы Калиев, «Мошеях» ЖШС директоры Алексей Владимирович Першин, «BM Service» ЖШС өндіріс меңгерушісі Досалхан Амангельдыұлы Уркинбаев және колледж түлектері - Астана қалалық маслихатының депутаты Бақдаулет Жанділдаев, Колледждер қауымдастығының төрағасы Аңсар Қайыржановтар қатысты.
Алдымен қонақтар колледждің материалдық техникалық базасымен таныстырылды.

Аталған іс-шара қатысушылардың колледж студенттерімен бірге ұйымдастырылған дөңгелек үстелде жалғасын тапты.

Кездесу барысында әлеуметтік серіктестер Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрлігінің және қалалық Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қонақтарға колледж басшылығы атынан естелік сыйлықтар табысталды.