12.11.2025 жылы “Астана Профи” қалалық шаруашылық колледжінде Әдістемелік күн өткізілді. Іс-шара барысында колледждің жалпы білім беру пәндері оқытушылары ашық сабақтар мен тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастырды.
• Ахметова Асель Жанбулатовна «А.П. Чехов “Толстый и тонкий”. Степени сравнения прилагательных» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
• Сабденбаева Лаура Абубакировна биология пәнінен «Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері» тақырыбында сабақ көрсетті.
• Дахан Марина экология бағытында «Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары» атты сабақ өткізді.
• Жақсылықова Айсулу Тынымбаевна физика пәнінен «Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңі» тақырыбында сабақ ұсынды.
Әдістемелік күн аясында оқытушылар заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы тәжірибе алмасты және кәсіби шеберліктерін арттырды.


