2026 жылғы 16 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кураторлық сағаттарда интернеталаяқтықтың алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ісқе асыру шеңберінде Жетісу облысы прокуратурасы түсірген «Дроп» атты қысқаметражды деректі фильм колледж студенттеріне көрсетілді.
Фильм алаяқтық жолмен алынған қаражатты дропперлер арқылы жылыстатуға байланысты қылмыстық схемалардың өзекті мәселелері жайында түсірілген. Студенттермен фильмнен соң талқылау өтіп, ойларын ортаға салды.
