13.02.2026 күні «Астана Профи» қалалық шаруашылық коледжі» мекемесі базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, зорлық-зомбылық пен топтық жанжалдардың алдын алуға бағытталған «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты –студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік деңгейін арттыру .
Дәріске Астана қаласы ПД “Сарыарқа” АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Ергешева Айзада Ерғалиқызы және Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ маманы Гүлназ Таңатхановна қатысып, студенттердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің салдары, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар колледж психологы Дахан Марина «Сенің шекараң — сенің қорғаның» атты тренингті ұйымдастырып, студенттерге жеке шекараның маңызын түсіндіріп, өз құқықтарын қорғау және салауатты қарым-қатынас құру дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізді.
Іс-шараға 100 студент қатысты. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
