“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” айлығының жоспарына сәйкес Интертич медициналық орталығының білікті мамандарының қатысуымен “Денсаулық және мен: темекінің зияны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында мамандар темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
