«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында колледж студенттерімен «Тәуелсіздік — толғауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ел тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Дүйсен Сейітқали Жақияұлы қатысып, тәуелсіздіктің тарихи маңызы, ұлттық құндылықтар және жас ұрпақтың ел болашағындағы рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.