Адалдық – табыстың кепілі

Тәрбие жұмыстары

2025 жылдың 9 желтоқсанында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында колледжде «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай «Адалдық – табыстың кепілі» тақырыбында дебат турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және өз ойларын еркін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын белсенді азаматтарды тәрбиелеу.