Правила приема на обучение в Колледж городского хозяйства «Астана Профи»
2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдау ережелері
Изменения в правила приема на обучение 2020-2021 г.
ЕСКЕРТУ!
Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі мекемесінің 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдау қағидаларындағы №3 тармақта көрсетілген колледжге оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының келесі мөлшері бекітілді:
1. І және ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
2. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
3. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30%;
4. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4%;
5. Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1%;
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10%